Алматыдағы Достық даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің бірінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлап, қаза болды. Бұл фактіні қаланың полиция департаменті растап отыр.
Қайғылы жағдай 22 қыркүйекке қараған түні болған. Курсанттың жасы 19 шамасында.
Бұл факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
19 қыркүйекте Абай облысында Аягөз гарнизоны офицерінің денесі табылған еді.
Бұған дейін Алматыда құрлық әскерлері әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылғанын хабарлаған едік.