Басты бетPush20 қыркүйекте...

20 қыркүйекте Қазақстанның 6 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.

2024 жылғы 20 қыркүйекте Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қостанай қалаларында, түнде Өскемен қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.