Бүгін ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады

Оған еліміздің атынан 9 спортшы қатысады. Оның төртеуі ер, бесеуі әйелдер арасында сынға түседі. Атап айтар болсақ, ерлер арасында Альберт Линдер (69 кг-ға дейін), Айдар Казов (77 кг-ға дейін), Семен Линдер (85 кг-ға дейін), Ибрагим Берсанов (105 кг-ға дейін) өнер көрсетсе, әйелдер арасында Әсел Амангелді (53 кг-ға дейін), Сәуле Садуақасова (58 кг-ға дейін), Әсем Садықова (63 кг-ға дейін), Maйра Файзуллаева (69 кг-ға дейін), Александра Аборнева (90 + кг-ға дейін) сынға түседі.

Жарысты отандық телеарналардан «Kazsport» тікелей эфирде көрсетеді.

ДереккөзInform.kz