Басты бетPushДенис Шипп...

Денис Шипп Жоғары сот кеңесі төрағасы лауазымынан босатылды

Президент Жоғары сот кеңесі төрағасы болған Денис Шиппті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесі төрағасы лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының 2 орынбасарын — Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірхановты қызметінен босатқан еді. 

Руслан Сейсембаевтың орнына Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған еді.

Оған қоса Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.