Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытбек Рахымбердиев пен Аңсаған Балтабековті жаңа қызметтерге тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл лауазымды бұған дейін атқарған Еркін Советбекұлы Ботақанов қызметінен босатылды.
Бұған дейін Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.