Басты бетPushСархат Бейсенова...

Сархат Бейсенова бас санитар дәрігер болып тағайындалды

Сархат Бейсенова санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.

  • 1996-1998 жылдары — Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы;
  • 1998-1999 жылдары — Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы;
  • 1999-2002 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі;
  • 2002-2007 жылдары — Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы;
  • 2007-2009 жылдары — Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары;
  • 2009-2011 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары;
  • 2011-2014 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры;
  • 2014-2015 жылдары — ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;
  • 2015-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары;
  • 2017-2019 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
  • 2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары;
  • 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарған.