Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
Алматыда бүгін тәулік бойы және 18 қыркүйек түнде, ал Петропавлда 17 қыркүйекте метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі көтеріңкі болады, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.