Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімдігі...

Алматы әкімдігі тұрғындардан Медеуге автоубспен баруды сұрап жатыр

Алматы күнінде Медеу шатқалының алдында кептеліс тым көп. Қала әкімдігі халыққа үндеу жариялады.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Көліктердің үлкен ағынына орай Медеу шатқалында көлік қозғалысы қиын. Жоғары шығу үшін қоғамдық көлікті қолдануды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.

№12 маршрутта жүретін жоспарлы 16 автобусқа тағы 20 автобус қосылған.

Айта кетейік, бүгін, 15 қыркүйек — Алматының туған күні.