Qazaq Air әуе компаниясының Алматы-Тараз бағытындағы рейсі ашылды

Әуе компаниясының баспасөз қызметі «Енді аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері Алматы тұрғындары Қазақстанның ең көне қалаларының бірі — Таразға «Bombardier Q400 NextGen» ұшағымен саяхаттай алады», деп хабарлайды.

Ұшу ұзақтығы — 55 минут.

«QAZAQ AIR» — Қазақстанның ішкі өңірлеріне жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниясы. Оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры» ҰК-ға тиесілі.