Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда Қала күні тойланады. Биыл мерекеге орай балалармен қатар, ересектерге де қызық болатын 150-ден астам әртүрлі форматтағы іс-шара жоспарланған.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы күнін тойлау кезінде қаладағы метро нағыз өнер алаңына айналады. Мұнда жонглерлер, акробаттар, симфониялық және джаз оркестрлері өнер көрсетеді. Метро бекеттерінде қала музейлері, кітапханалары және мемлекеттік архив ұйымдастырған үлкен көрме өтеді.
Жалпы қыркүйек айының соңына дейін ауқымды мәдени бағдарлама әзірленген. Алматылықтарды алғашқылардың бірі болып «Дос-Мұқасан» құттықтайды. Аты аңызға айналған ансамбльдің концерті 11 қыркүйекте сағат 19:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында өтеді. Одан кейін дәл осы алаңда сағат 20:00-де «Музарт» тобының концерті басталады. Кіру тегін. Сонымен қатар, 11 қыркүйек сағат 19:00-де Арбатта «Алматы махаббатым» атты театрландырылған концерт өтеді. «Жаңа ғасыр» театрының артистері ретро әндер мен поэзия арқылы мюзикл жанрындағы еркін шығармашылық атмосфераға бөлемек.
12 қыркүйекте «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында сағат 18:00-де «Ұлы дала үні» концерттік бағдарламасы өтеді. Халық алдында Ulytau танымал этно-рок тобы өнер көрсетеді. Кіру тегін.
12-15 қыркүйек аралығында Панфилов көшесіндегі Арбатта сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Алматы кітапханалары «Кітап оқуға саяхат» атты квест өткізеді. Сонымен қатар, 14-15 қыркүйекте сағат 11:00-ден бастап Арбатта жыл сайынғы «Кітап fest» фестивалі өтеді. Оған қоса, 12 қыркүйекте сағат 15:00-де Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында киностудияның алтын қорындағы фильмдер көрсетіледі.
13 қыркүйекте сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында «Алматы кеші» атты театрландырылған концерт өтеді, 19:30-да театр артистері «Qazaqsha терапия» тобының қатысуымен «Ғасырлар үні» театрландырылған концертін ұсынады.
14 қыркүйекте сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында Open Air Jaidarman өтеді. Ашық аспан астындағы концертте қаланың ең танымал КТК командалары өнер көрсетіп, ұмытылмас әсер, қағытпа қалжың, әдемі әзіл ұсынады. Кіру тегін. Артынша сағат 20:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында «Ән тербеген Алматым» ретро кеші ұйымдастырылады.
14 қыркүйекте сағат 16:00-де Астана алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтіп, оған Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren және Adam сияқты танымал артистер қатысады. Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.
Қала күні, 15 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Республика сарайының алдындағы Абай алаңында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды отбасылық фестиваль өтеді. Осы жерде сағат 11:30-да «Алматы – арман қала!» эстрадалық концерті өтеді, оған Жәмилә Серкебаева, Өктем Алтаев, Қаракөз Сүлейменова, Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаилова, Мұқасан Шахзада және басқа да танымал артистер қатысады. Балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ «TikTok» белсенді қолданушыларына арналған ерекше фото және видео алаңдары ұйымдастырылады. Фестиваль аясында сағат 19:00-де YOLO HOUSE, BIP HOUSE және басқа да танымал тикток жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.
Дәстүр бойынша 15 қыркүйек күні Тұңғыш Президент атындағы саябақта сағат 10:00-де жыл сайынғы «Алма Fest» фестивалі басталады. Дәл осы саябақта сағат 16:30-да «Алматы – сүйікті қалам» концерті өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Бақтияр Тайлақбаев, Жұбаныш Жексен, Диана Исмаилова және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді.
15 қыркүйек күні сағат 11:00-ден бастап Арбатта «Туған күніңмен, Алматым» фестивалі өтіп, қала тұрғындары мен қонақтары суретшілер көрмесіне, қолөнершілер жәрмеңкесіне, шеберлік дәрістеріне және басқа да іс-шараларға қатыса алады.
15 қыркүйекте Астана алаңында сағат 17:00-де эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді. Сахнада Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және т.б. өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді:
- Әуезов ауданында «Алматы — сүйікті қала»мерекелік концерті 13 қыркүйек күні сағат 11:00-де Family park демалыс саябағында өтеді;
- Алатау ауданында «Алматы — менің жүрегімде»мерекелік концерті 14 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Алатау» ДӨТ алдында өтеді;
- Алмалы ауданында «Туған күніңмен, Алматы!»13 қыркүйек күні сағат 15:00-де Ганди атындағы саябақта өтеді;
- Бостандық ауданында «Туған күніңмен, Алматы!» 13-14 қыркүйекте сағат 16:00-де Mega Almaty СОО аумағында өтеді;
- Жетісу ауданында қала күнін мерекелеу 13 қыркүйек күні сағат 18:00-де Құлагер ш/а «Гүлдер» саябағында өтеді;
- Наурызбай ауданында «Алматы — біздің ортақ үйіміз» мерекелік концерті 14 қыркүйек күні сағат 12:00-де Шұғыла ш/а, 347 амфитеатр аумағында өтеді;
- Түрксіб ауданында «Алматы — әсем қалам»негізгі аудандық концерті 14 қыркүйек күні сағат 15:00-де №6 оқушылар үйінің скверінде көркемөнер ұжымдарының, ҚР эстрада жұлдыздарының және Live band қатысуымен өтеді;
- Медеу ауданында «Туған күніңмен, Алматы!» 14 қыркүйек күні сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді;