Доллар 479—483 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 479—483 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 480,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5, 36 теңге. Еуро — 533,75.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 480,59 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 482,72 теңге. Еуро 531–535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 479,03 теңге, сатып алу құны — 483 теңге. Еуро 529,98 теңгеден сатылып, 534,98 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,24—5,35 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да