Басты бетЖаңалықтарҰҚК Шымкентте...

ҰҚК Шымкентте шетелдіктерді ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте шетелдіктердің ұсталғаны туралы хабарлады.

Биыл тамызда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкентте синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Шамамен төрт келі «мефедрон» психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сонымен қатар «синтетика» дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды, — делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.