Басты бетЖаңалықтарПрезидент паралимпиада...

Президент паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады.

Давид Дегтяревті паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, — деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Давид Дегтярев XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды.

Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды.
Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, бір күміс, бір қола жүлде бар.