Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамыту бойынша бірқатар міндетті белгіледі.
Цифрлық даму министрлігі бір ай мерзімде мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты іс-шаралар мен жауапты орындаушылар көрсетілген тиісті іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, бекіту тапсырылды.
Жолдауда цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Жасанды интеллект технологияларын «электронды үкімет» платформасына имплементациялауды биылдан бастау қажет. Осы жылғы желтоқсанда жұмыстың алғашқы нәтижелерін қорытындылауға тиіспіз. Сонымен қатар 2025 жылы ұлттық жасанды интеллект орталығын іске қосу және Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу жұмысын аяқтау тапсырылды, — деді үкімет басшысы.
Жаңа дата-орталықтардың құрылысын аяқтау жұмысын жеделдету және телекоммуникациялық желі ресурстарын белсенді іске қосу маңызды екені атап өтілді.