Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479-484 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 2 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,63 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 534,46.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 483,9 теңге. Еуро 533–537 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 484 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,27 аралығында саудаланып жатыр.