Степногорск қаласында құрамында алтыны бар қалдықтарды өңдейтін үш бірдей фабрика салынуда

Аталмыш жобаны жүзеге асыруға 10 млрд.теңге қарастырылған екен. Бүгiнгi күнi жобаның жалпы дайындығы — 45%, жер жұмыстары — 75%, бетондық жұмыстар — 80%, ғимарат сырты — 40% құрайды.

Кәсiпорынның бас директоры Евгений Балашовтың айтуынша фабриканың қуаттылығы жылына 2,5 млн.тонна кеннен 1,0 тоннаға дейiн Доре құймасын алуға көзделген. Техногендi-минералды жасандылардан алынатын алтын көлемi шамамен 70% құрайтын болады. Фабрика iске қосылса 190 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Дәл қазiр мұнда 60 құрылысшы еңбектенуде.

Бүгiнгi күнi «ГМК «Қазақалтын» АҚ үш кен байыту фабрикасын салуда, олар Бестөбе және Жолымбетте. «85 жылдық алтын өңдеу уақыты iшiнде бiзде құрамында алтыны бар 25 млн. тоннадан астам қалдықтар жиналып қалды. Оларды өңдеу Қазақалтынның өнiмдiлiгiн арттырады», — дейдi кәсiпорын басшысы.

Ақмола

Өңiр басшысы құрылыс жұмыстарына оң баға берiп, кәсiпорын облыстың өндiрiстiк әлеуетiн барынша арттыратынын атап өттi.