Ұлттық арнада «Парасат майданы» атты жаңа жоба эфирге шығады

Бұл жоба мәдениет, ғылым, өнер және әдебиет салаларындағы білікті мамандардың пікірсайысын ортаға салмақ.

Әр саладағы аға буын мен жас буын өкілін студияға шақырып, бай тәжірибе мен қазіргі заман жаңашылдығын салыстырып қызу талқылайтын болады. Сондай-ақ, қазіргі қоғамның даму бағытына, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге руханият өкілдерінің төрелік айту беделін қалыптастыру, жан-жақты білімді, әлемнің үздік тәжірибесін игерген, жаңа ойлау үрдісіндегі азаматтардың тұлғалық портретін насихаттауды мақсат тұтады.

Бағдарламаны белгілі журналист Дархан Әбдік жүргізеді.

ДереккөзKaztrk.kz