Оңтүстік Қазақстан облысында пияз кептіру цехы іске қосылады

Әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, цехтың құрал-жабдықтарын «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы лизингке сатып алмақ.

Кәсіпорынның ерекшелігі – нарықта сұранысқа ие болмауы салдарынан қалдыққа айналған, даладан жинап алуға да жарамай қалған өнімдерді кептірумен айналысуында. Енді диқандар пияздарын нарыққа шығарумен қоса, олардың жарамайтындарын «Март» ЖШС-не жеткізіп беру арқылы, қалдықсыз әрі қосымша пайдамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Оған қоса, шаруалардың бірігіп жұмыс жасауының арқасында кооператив құрылып, кіші шаруа қожалықтары ірі кәсіпорынға айналады.

ДереккөзBaq.kz