Алматыда Наурызбай ауданы мен барахолка базарының арасында жүретін №76 маршруты іске қосылды.
Әкімдіктен атап өткендей, Наурызбай ауданы тұрғындарының өтініші бойынша қалалық мобилділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.
№76 бағыты «Алма Сити-5»ТК» – Алатау даңғылы – Төле би көшесі – Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы – Кудерин көшесі – Солтүстік айналым– «Сәлем» базары аралығына қатынайды. «Әділет Авто» ЖШС қызмет көрсетеді.
Бағытта 2023 жылы шыққан ISUZU маркалы 14 автобус жүреді. Мұндағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минут.
Алматы әкімдігі биыл қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алады.
Бұл 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді.