Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472—477 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 474,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472—477 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 473,9—475,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38—5,53 аралығында саудаланып жатыр.