Алматыда 3 тамыздан бастап жол ақысы 120 теңге болады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің қаулысы бойынша, 3 тамыздан бастап жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігі алынып тасталады. Бұл шара ең алдымен, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты, өйткені автобус жүргізушісі ақша жинауға алаңдамай, тек көлік құралын басқаруы керек.
Қалалық мобильділік басқармасы бүгінде жолаушылардың 97%-тен астамы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлейтінін атап өтті.
Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қолма қол ақшасыз есеп айырысудың бірнеше әдісі қол жетімді:
- Onay филиалдарында және 115 клиенттерге қызмет көрсету орындарында сатып алуға болатын көлік картасы арқылы;
- ұялы телефонның SMS арқылы;
- мобайл қолданба арқылы (шетелдік қонақтарға ыңғайлы болу үшін интерфейсті ағылшын тілінде енгізу пысықталып жатыр).
Бұдан басқа, жол жүру ақысын елемеу фактілерін қысқарту мақсатында жолаушылардың қамтылуын тексеру, сонымен қатар жүргізуші құрамы тарапынан бұзушылықтарды тіркеу үшін бірыңғай бақылау қызметін құру туралы мәселе қаралады.
Сонымен қатар 3 тамыздан бастап жол жүру билеттерінің келесі құны белгіленеді:
- айлық жол жүру билеті — 9 900 теңге;
- студенттік айлық жол жүру билеті — 4 200 теңге;
- мектеп айлық жол жүру билеті — 2 000 теңге;
- зейнетақы айлық жол жүру билеті — 3 000 теңге.
Еске салайық, азаматтардың келесі санаттарына тегін жол жүру ұсынылады: Соғыс ардагерлері, 75 жастан асқан зейнеткерлер, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, саяси қуғын-сүргін құрбандары және басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері.
Сонымен қатар азаматтардың төрт санаты үшін тарифтің 50%-і түріндегі жеңілдік сақталады: студенттер, жасына байланысты зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедек балалармен бірге жүретін адамдар.
Жалпы, Алматы қаласының мобильділік басқармасы реттеушілік модельдің және жаңа тарифтік ұсыныстың жобасын әзірлеп жатыр. Оның аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көлік қызметтерін пайдаланудың ыңғайлылығы үшін, оның ішінде тегін ауысып отыру мүмкіндігімен түрлі жол жүру абонементтері ұсынылады.