Басты бетЖаңалықтарҚызылордада газ...

Қызылордада газ жарылды: 4 бала ауруханаға түсті

Қызылордада газ жарылып, салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19.56-да Қызылорда қаласының әл-Фараби шағынауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.

4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, — делінген хабарламада.

ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.