ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысында елдегі астық қабылдау кәсіпорындарының дайындығы туралы баяндады.
Бүгінгі күні барлық элеваторлар жоспарлы режимде жаңа астықты қабылдауға материалдық-техникалық дайындығы бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Дайындық жұмыстары шілде айының соңында аяқталады, — деді министр.
Оның айтуынша, қазір қолда бар астық қоймаларының жалпы көлемі шамамен 30 миллион тонна. Бұл жаңа астықты сақтауға жеткілікті.
Оның ішінде 4 миллион тоннаға лицензия алған 191 элеваторлар бар, сонымен қатар шаруашылықтардың өзінде 16,4 миллион тонна сыйымдылығы бар қоймалар бар. Барлық мәселе министрліктің бақылауында, — деді Айдарбек Сапаров.