Басты бетЖаңалықтарҚМДБ паранжа...

ҚМДБ паранжа мен қара киім киюге қатысты пікір білдірді

Басқарма өкілдері ҚМДБ-ның осыған дейін бірнеше рет діни киім мәселесінде өзінің ресми ұстанымын жариялағанын айтады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде шариғат талаптарын сақтай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескеріп, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал паранжа (ниқаб) мен қара киім кию — салтымызға қайшы, бұл ата-бабаларымыздың жолы емес», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ діни басқарма өкілдері мұсылман жамағатын сақал қоюда оның жарасымына аса мән беруге шақырды.

Айта кетейік, кеше, 19 сәуірде Астанада өткен ІІ республикалық имамдар форумында ҚМДБ-ның «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі — Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты ұстанымы жарияланған еді. Сондай-ақ, кеше, 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ҚМДБ өкілдерімен кездесуінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтып, мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған еді.

ДереккөзTengrinews.kz