Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сонымен қатар тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді, — делінген хабарламада.
Нұра ауылының зейнеткер тұрғындары Нұрабек Бекназаров және Қымбат Баймұратова аудан орталығынан баспаналы болды.
Баспана «Юнис сити» мен Есет батыр тұрғын үй алабынан берілді.
Баспанасы суға кеткендердің көбі — арнайы санаттағы отбасылар. Берілген су жаңа пәтер заңды түрде үй иесінің атына жазылады, яғни, пәтерді алған тұрғын иесі кез келген уақытта сата алады немесе кепілге қоя алады.