Ол гироскопты бейнекамерамен және GPS-пен жабдықталған. Ұшу бағыты түгел жазылатындықтан, жоғалып кетеді деп қорықпайсыз. Құрастырушылар әзірге аталған аппаратпен мерекелік шараларды түсіріп жүр. Оны геологиялық барлау, егіс алқаптарына әуеден химикаттар бүрку және іздестіру жұмыстарына да пайдалануға болады.
«Ең бастысы өз қолымызбен жасаған бұл аппараттардың адамдарға пайдасы тиюі тиіс. Оны ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде егін шаруашылығында кеңінен қолдануға болады. Қазір егіс алқаптарын дәрілеуге арналған аппарат құрастырып жатырмыз. Алматы облысы – аграрлы аймақ. Сондықтан алдағы уақытта фермерлерден тапсырыс көптеп түседі деген үміттеміз»,- дейді өнертапқыш Александр Дадочкин.