Алматыда тағы бір автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі жолаушы қаза болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға 17 шілде күні түнде Алматының Медеу ауданында болған.
«Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар тасжолымен батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза болды. Қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, — деді полицейлер.