Алматыда Қарасай батыр мен Наурызбай батыр көшелері бір күнге жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.
16 шілде таңғы сағат 09.00-ден 17 шілде кешкі сағат 19.00-ге дейін Қарасай батыр көшесі ( Шәріпов көшесінен Қожамқұлов көшесіне) дейін қозғалыс жабылады. Сонымен қатар 17 шілде сағат 09.00-ден 18 шілде сағат 16.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесімен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін бір жолақта қозғалыс шектеледі. Қалған үш жолақ бойынша жол ашық болады, — делінген хабарламада.
Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.