Голливуд жұлдызы бұл атақты бесінші рет иеленіп отыр. Ол 1991 жылы 23 жасында алғаш рет ең сұлу әйел атанған болатын. Осыған қатысты басылым өкілдері «Джулия Робертстің People журналының Әлемдегі ең әдемі әйелдер рейтингісін алғаш рет көш бастағалы бері 26 жыл өткен. Дегенмен ол біздің сүйікті сұлуымыз болып қала береді», — деп жазған.
Ал актриса бұл атақты бесінші рет алғанына өте қуанышты екенін жеткізіп, қазір сұлулығының шегінде жүргенін атап өтіпті.
Айта кетейік, 2016 жылы бұл рейтингті Дженнифер Энистон бастады.