Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы ботаникалық...

Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады

Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады. Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ботаникалық бақ 11 шілдеде техникалық себептерге байланысты жабылатынын хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 20.00-ге дейін ашық. Ондағы техникалық үзіліс 15.00-15.30 аралығында болады, — деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.