Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

«Мөлдір бұлақ»: мәдениет ұжымдары экоакцияға атсалысып жатыр

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Экоакцияның алдыңғы төрт аптасын сәтті аяқтаға «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Апталық аясында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Апталық аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы Шолаққорған ауылы аумағындағы «Ишан бұлақ» айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Суы тұщы боп саналатын бұлақ маңайын ауыл тұрғындары бұрыннан күтіп ұстайды. Сенбілікке қатысушылар бұлаққа баратын жүргінші жолдарын тазалап, қоқыстарды жинап алды. Сонымен қатар Сұлтанбек Қожанов атындағы көше бойындағы арық тазартылды.

Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ұжымы Бәйдібек көшесінің бойындағы аяқжолдардың шөбін орды. Біркісідей қатысқан ұжым сондай-ақ музей орналасқан Қалыш Нұржанова көшесінің маңайын шөптен тазартты. Бұл бағыттағы тазалық жұмыстарын өзге де мәдениет ошақтары апта бойына жалғастырады.