Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруға уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігі хабарлады.
Талғар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониториң жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл шара Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерге, ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратты міндетті түрде назар аударуды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар аудан әкімдігі аталған аумақ төтенше жағдайлар қызметкерлері мен “Қазселденқорғау” мекемесі және Талғар ауданының әкімдігінің қызметкерлерінің бақылауында екенін атап өтті.