Шілденің бірінші жексенбісі Қазақстан Домбыра күнін – мәдениетіміздің өткені мен болашағын біріктіретін мерекені атап өтеді. Бұл аспаптың дыбысы бірегей, тарихы бай. Домбыра TikTok-та еліміздегі музыкант-контент авторлары арқасында жаңа тыныс тауып жатыр.
Платформа креаторлары домбыраны жай ғана аспап етпей, оны мәдени жаңғыру мен шығармашылық символына айналдырып жатыр. Платформаның танымал 10 домбырашысы бар. Оларға жазылушылардың жалпы саны — 925 мың аккаунт. Бұл креаторларға 13,6 миллионнан астам лайк басылды.
Ұлттық аспапты шебер тартатын екі отандық музыканттың әңгімесін ұсынамыз.
Домбыра туралы бала арман
Платформада @dombrart деген атпен танымал Белес Қозықан деген музыкант бар. Оған алғашқы домбырасын анасын алып берген. Өзі былай дейді: «Анамның айтуынша, үш-төрт жасында екеуіміз Құрманғазы атындағы оркестрдің шеберханасына барыппыз. Домбыраның дыбысын естіген соң сол аспапты алғым келіпті. Содан бері бірінші сыныпқа барғанға дейін, домбыра тарта алмасам да үйде домбыра шертеді екем. Кейін мектепте соңынан домбырасы бар балалар еріп бара жатқан мұғалімді көрдім. Сөйтіп, домбыра тартып үйренгім келетінін түсіндім. Содан бері аспаптан ажыраған емеспін. 19 жылдан бері домбыра тартып келемін».
Соған қарамастан, Белес өзінің кәсіби музыкалық білімі жоқ екенін мойындайды әрі өзін музыка индустриясы құрамына жатқызбайды.
Домбыра — менің барым. Одан тыныштық табамын, сондықтан бірінші кезекте өзім үшін шертемін. Әрине, кейде шығармашылығымды паш еткім келеді. Алайда өнер көрсететін жер болмағанды. Сөйтіп аудиториямды TikTok-тан таптым, — деді ол.
Белес әуелі платформаны қолданатын адам ретінде онда көп уақыт өткізген. Пандемияда карантин басталғанда, контентін жасаймын деп шешеді. 2020 жылғы жазда түсірген алғашқы роликтерін көп адам көрмей қалған. Бірақ Белес қайтпай, әрі қарай видео түсіре берген. Ақыры, жаңа жылға қарай жазылушы саны 80 мыңға жетіпті.
Креатордың негізгі мақсаты домбырамен ұлттық музыканы ғана емес, батыстың танымал әндеріне кавер шертуге болатынын көрсету еді.
Соның арқасында адамдар маған домбырашы деп қана емес, жас немесе заманауи музыкант деп біліп жазыла бастады. Қазір көшеде адамдар жиі танып жатады, бірге суретке түсуді сұрайды. Әдетте, мұндай жанкүйерлер арасында домбыра шертетін мектеп оқушылары бар, — дейді домбырашы-креатор.
Белестің айтуынша, платформаны қолдануы продюсерлермен, әртістермен және шығармашылық индустриясының басқа да мүшелерімен нетуоркиң жасауға ықпал етті. Сөйтіп түрлі шығармашылық ұсыныс түсіп жатыр.
Бәлкім, бес-алты жылдан кейін Dombrart менің музыкалық атым ғана емес, контент өндірумен айналысатын және басқа домбырашыларға домбыра тарту білігін арттыруға көмектесетін үлкен студия болатын шығар, – дейді Белес.
Каверден тәуелсіз әрітске дейін
Тағы бір танымал креатор және виртуоз – Жакс Мухаметжанов (@zhakso) Ол платформада ұлттық аспаппен Eminem-нің әнін тартып танымал болды. Содан кейін ол бірқатар каверлер мен басқа да танымал хиттерді орындады.
Жакс балалар музыкалық мектебіне түскен кезден-ақ добмрыаға қызыққан. Түрлі конерт пен байқауға қатысқан.
Ұлттық аспапта әйгілі хит әнін орындау идеясы бірнеше жыл бұрын TikTok-та іске қосылған #домбра трендінің арқасында пайда болыпты. Эксперименттің сәтті болғаны сонша, оның видеолары көрерменге ұнап, көпшілік назарына ілікті. Тіпті домбырамен орындалған шығармасын тыңдаған кейбір танымал музыкант оң реакция қалдырған.
Адамдар менен дұрыс аспапты қалай таңдауға болатынын және оны қайдан алуға болатынын жиі сұрай бастады. Әрине, мен бәріне көмектесуге тырысып жүрмін, – дейді музыкант.
Жакс өзін кавер орындаушы ретінде ғана емес, тәуелсіз әртіс және композитор ретінде де танытып жүр.