Қазақстанның еңбек нарығында қандай мамандар тапшы?

Осы байқаудың нәтижелері бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар саны 22 112 бірлікті құрады.

Ағымдағы жыл бойы көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлердің тапшылығы 3066 адамды құрады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер — 707 адам, білім беру — 282 адам және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметіндегі — 272 біліктілік деңгейі жоғары мамандарға сұраныс көп.

Экономикалық қызмет түрлері және меншік нысандары бойынша бос жұмыс орындары мен күтілетін қажеттілік

  Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік оның ішінде
мемлекеттік меншік жеке меншік шетелдік меншік
Барлығы 22 112 14 336 2 068 9 845 2 423  
Ауыл, орман және балық шаруашылығы 537 1 536 х х
Өнеркәсіп 5 242 2 093 58 1 483 552
Құрылыс 1 134  2 762 2 099 663
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 1 149 1 171 909 262
Көлік және қоймалау 7 095 1 204  65 971 168
Тұру және тамақтану бойынша 417 525 х х
Ақпарат және байланыс 776 221 х 116 х
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 239 111 111
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 715 1 105 173 659 273
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 2 249 1 560 х х
Білім беру 762 360 256 104
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер 4 040 1 213 1 137 76
Өнер, ойын-сауық және демалыс 757 475 98 377

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындарының едәуір көп саны өнеркәсіпте — 5242 бірлік, көлік және қоймалау саласында — 4095 бірлік, ең азы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларында — 239 бірлік қалыптасқан.

Құрылыста — 2762 адам, өнеркәсіпте — 2093 адам және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте — 1560 адамға тапшылық бар.

ДереккөзInform.kz