Биыл төрт айда 14 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова айтты.
Өкінішке қарай, жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өсуде. Мәселен, қайғылы оқиғалар 2023 жылы – 59, ал 2024 жылдың 4 айында −14 жағдай орын алған. Бұл қорқынышты сандар құр статистика емес. Әрбір оқиғаның артында үңілетін болсақ алдын алуға болатын шынайы трагедия жатыр, – дейді ол.