Алматы мен Астанадан Алакөлге әуерейстері іске қосылды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 20 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді орындай бастады: Астана – Үшарал – Астана және Алматы – Үшарал – Алматы.

Рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:

  • IQ 391 Астана (12:55) – Үшарал (14:40)
  • IQ 392 Үшарал (10:20) – Астана (12: 00)
  • IQ 403 Алматы (08:35) – Үшарал (09:50)
  • IQ 404 Үшарал (15:10) – Алматы (16:30)

Алакөл көлі-жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыттарының бірі. Біздің әуекомпанияның ұшу бағдарламасы ішкі рейстерді дамытуға бағытталған және Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сонымен қатар туризмді дамытуға ықпал етеді, – делінген хабарламада.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайттан брондауға және сатып алуға сонымен қатар әуекомпанияның сату кеңселеріненде алуға болады.