Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

©Inform.kz
Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

2024 жылғы 20 маусымда Алматыда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.