Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан екі блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Екі блогер аудандағы бір мектеп директорынан әлеуметтік желідегі іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.