Алматыда ТМД, Балтық жəне Грузия елдерінің V Жастар театр форумы ашылды. Форум 9 маусымға дейін жалғасады.
Жастар форумы режиссура, драматургия, сценография жəне театр саласындағы дарынды, болашағынан үміт күтетін жас мамандарды біріктіреді. Осылай, ТМД елдерінің мəдениет жəне өнер саласындағы шығармашылық жастарының ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге ықпал етеді.
Форум кезеңінде білім беру бағдарламасы аясында шетелден келген режиссерлар мен
драматургтер, кəсіби театр мамандары шеберлік сағатын ұсынады.
Форумға тоғыз елден — Əзербайжаннан, Армениядан, Беларусь Республикасынан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Молдовадан, Ресейден, Тəжікстаннан жəне Өзбекстаннан 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссер, драматург, актер, сценограф жəне театр сыншысы қатысып жатыр.
Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов жас театр өнерпаздары өмірден орын табуы ерекше оқиға екенін айтты.
Театр форумы мереке ғана емес, жұмыс та. Біз жастар не ойлайды екен, көрермен жүрегіне қалай жол табар екен, қандай формаға қызығады екен деп зерттейміз. Друматургияда, сценографияда жаңа формалар шығуы керек, — деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Халықаралық театр фестивалінің бас директоры Карина Цатурова қонақжай Қазақстанға осы іс-шараны жақсы қабылдағаны үшін алғыс айтты.
Бірінші форум Кишиневта (Молдава), екіншісі Минскте (Белорусь Республикасы), үшінші форум Ереванда (Армения), ал 2021 жылы төртіншісі Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Тоқтамай келе жатқанымызға, Алматы осындай ірі жастар театр форумына есік ашқанына қуаныштымыз. 12 жыл бойы бірге жұмыс істеп кел жатқан елдерге алғыс айтамын, — деді Карина Цатурова.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов мұндай іс-шара театр сүйер қауым мен өнер майталмандарын жақындастарады дейді.
Бұл — еліміздің, әсіресі жастардың, театр майталмандары мен өнер сүйер қауымның қарым-қатынасына ерекше ықпал ететін іс-шараның бірегейі. ТМД елдерінен келген қонақтар қызық спектакльдерін әкеліп отыр. 200-ден астам режиссер, драматург, актер талантын, жетістігін көрсету үшін Алматыға келді. Бұл бәрімізге де пайдасын тигізеді деп ойлаймын, — деді Ербол Әліқұлов.
ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумының бағдарламасы мəдени дəстүрлердің алуан түрлілігін көрсетеді. Форумның «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» спектаклімен ашылды. Қойылым режиссеры — Фархад Молдағали. Ол алдыңғы IV Жастар театр форумының қатысушысы (2021, Өзбекстан), ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы.
Форум аясында тоғыз елден жас режиссерллардың тоғыз қойылымы ұсынылады. Кəсіби қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Үздік деп танылған ұжымға ақшалай сыйлықтар мен алтын, күміс жəне қола түріндегі естелік сыйлықтар беріледі. Форумда жүзден жүйрік танылған спектакль Мəскеуде өтетін А.П.Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестиваліне қатысады.