Комиссияның жұмыс органы – Қаржы министрлігі.
Комиссияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Мәмин А.Ұ. басқарады. Комиссия құрамына ҚР Қаржы министрі Сұлтанов Б.Т., АХҚО Басқарушысы Келімбетов Қ.Н., және министрліктер, Астана қаласы Әкімшілігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері кіреді.
Комиссияның мақсаты үздік әлемдік тәжірбиені, оның ішінде ағылшын құқығының қағидаттары қолданылатын, жеңілдікті салық салынатын және тәуелсіз қаржылық соты бар тәжірбиені ескере отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының табысты қызметін қамтамасыз етудің салааралық және ведомствоаралық мәселелері бойынша міндеттерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Жаңадан құрылған Комиссияның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуды және қаржы орталығы базасында көрсетілетін қаржылық қызметтерді дамытуды ынталандыратын нормативтік құқықтық актілер және өзге де құжаттамаларды әзірлеу.