Универсиадаға қатысқан бірде-бір спортшы допинг қолданбаған

Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Оған 57 елден 1621 спортшы қатысқан болатын. Зертханаға жалпы саны 216 спортшының сынамалары жіберілген. Олардың бірде-біреуінен допинг табылмады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиадада Қазақстандық спортшылар 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Ал бірінші орынды Ресей құрамасы иеленді. Олар барлығы 71 медаль (29 алтын, 27 күміс, 15 қола) жеңіп алды. Үшінші орынды 11 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншілеген Оңтүстік Корея елінің спортшылары қанжығасына байлады.

ДереккөзVesti.kz