Шымкентте қаладағы ең үлкен мешіт ашылды. Мешітке бір уақытта 12 мың адам сияды.
Сырты ақ мәрмәрмен көмкерілген мешіттің аумағы 12 гектарды алып жатыр. Сейтжан қари есімі берілген құлшылық орнын белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжанов салған.
Мешіттің аумағында 736 көлікке арналған жер асты паркиңі жұмыс істейді. Мешіт кешенінде ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапханалар орналасқан.