Қазақстанда кітаптар 3,7%-ке қымбаттады

2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7%-ке қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статбюро хабарлады.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 миллиард теңге болды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8%-ке өсті.

Аталған соманың 23,5 миллиард теңгесі — газет шығару, 16,7 миллиард теңге — кітап шығару, 9,7 миллиард теңге — баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.