Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.
Атап айтқанда, мыналар:
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Алматы облысы полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті емханасы бар госпиталь» мемлекеттік мекемесі.
Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін, — делінген құжатта.