«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 122 қылмыстың, сонымен қатар бұрын жасалған 50 қылмыстың бетін ашты.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, «Құқықтық тәртіп» шарасы басталғалы мегаполисте 3 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Сонымен қатар іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды.
Соның ішінде ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас боп жүру, мас күйінде көлік жүргізу, кәмелет жасқа толмағандардың кеш уақытта жүруі секілді қылмыстар тіркелді. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары 122 қылмыстың бетін ашты, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.