Доллар мен рубльдің 14 мамырға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 439–444 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 440, 92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,82 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 439–444 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 441,5–443,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77-4,84 аралығында саудаланып жатыр.