ТЖМ: «Семей орманындағы» өрт толық сөндірілді

Абай облысындағы табиғи өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

0,8 гектар аумақты шарпыған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Дмитрев орманшылығындағы табиғи өрт жойылды, — делінген министрлік хабарламасында.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарынан орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, «Семей орманындағы» өрт 26 сәуірде басталған болатын.