Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз жүреді

Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін «Алматы-Атырау» және кері бағытта бір рейске қосымша пойыз жүреді. 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

№215/216 «Алматы-Атырау» пойызы келесі кестеге сәйкес қатынайды:

Алматыдан 19 сәуірде сағат 13.40-та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15.32-де келеді;

Атыраудан 21 сәуірде сағат 23.16-да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03.50-де келеді.

№215/216 «Алматы-Атырау» пойызына билеттер купе вагондарында да, плацкарт вагондарында да қолжетімді.

Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.