Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Бұл туралы «Казгидромет» мамандары хабарлады.

Солтүстік және оңтүстік өңірлерде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.

Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, Жамбыл облысының шығысында түнде үсік жүреді. Еліміздің батысы, шығысы, орталығында антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мақалаға реакция