Солтүстік Қазақстан облысында 100 жаңа үйдің құрылысы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 жаңа үйдің құрылысы басталды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үйлер KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz бөлген қаражатқа салынады. Компаниялар су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөлген. Осы қаражаттың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған.

Су тасқыны басталғалы облыста 3898 үйді су басқан. Саяжай аумағында 6597 учаске зардап шеккен. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40%-ға жуығы одан әрі тұруға жарамсыз болуы мүмкін.